Сабақтың тақырыбы: «Жол ережесін сақта»
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін
толықтыру, іс жүзінде асыра білуге үйрету.
2.Ситуация туғызу,сұрақ қою,жұмбақтар шешу,ойындар
көрсету арқылы ойларын дамыту.
3.Жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі:сұрақ-жауап.
Түрі:ойын түрінде.
Көрнекілігінде:бағдаршам, жолда жүруге байланысты суретті белгілер т.б.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымызға байланысты оқушылар өз үйлерінен мектепке дейін келетін жолдың жобасын сызып келеді.Енді осы бойынша, оқушылар өз жобалары туралы айтсын.
Көшеде жүру ережесі туралы тек бүгін ғана емес мектепке келген күннен бастап айтылады.Көшелер мен жолда жүру ережесін қабылдауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалады.
Содан бері жолда жүру ережесінде жаяу адам мен оқушылардың өз міндеттері ережелері бар.Осы сабақта сол ережелерді ары қарай толық білу үшін кезекті оқушыларға береміз.
І.«Бағдаршам»
Менің атым бағдаршам
Көшеде бағдаршам болмаса.
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе,
Кідірме,абыржып онда аса.
Сенгейсің өзіңнің көзіңе,
Көшеде ортаға жеткенше.
Әдемі көзің сал сол жаққа,
Балақай ортадан өткен соң.
Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.
Қызыл жарық
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл жарық
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқынба.
Бәрі қосылып:Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққы әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың,бұрын кеп.
ІІ. «Жол тәртібін білейік» көрініс.
Жүргізуші:
Қымбатты, балалар, жолда жүру ережесіне арналған сабағымызға, дәрігер апайымыз қатысып отыр.Дәрігер апай, мына бір маймаққа не болған кім оны ренжітті? Дәрігер апай: «Жасырмай айтшы, майма