Текст
06.04.2026
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау Ақмола облысы бойынша 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсырылады. 1-сыныпқа жасы 6-ға толған және ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады. eGov.kz порталы арқылы өтініш берген кезде мыналарды дайындау қажет: — ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; — баланың 3×4 көлеміндегі цифрлық фотосуреті; — №065/у “Профилактикалық егу картасы”; — №052-2/у “Бала денсаулығы паспорты”. Ата-аналарға баламен алдын ала медициналық тексеруден өтіп, ЭЦҚ-ның жарамдылығын тексеріп, құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмау ұсынылады. .