"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім еліне саяхат

26.01.2017

     

Білім еліне саяхат

 

   Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры Ж.Шакеновамен  бекітілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі бір іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталық қарсаңында мектеп  мерекеге сай шарлармен, апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға 

газеттерімен, гүлдермен безендірілді. Балалар үшін апталық қызықты өту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының алған білімдерін тиянақтау, жетістіктерімен бөлісу, жаңалықтармен алмасу. Оқушыларды бір ұжыммен жұмыс істеуге баулу, білімдерін одан әрі жетілдіруге дамыту; ертегілер  кейіпкерлеріне ұқсауға тәрбиелеу; 16 қаңтар мен 21 қаңтар  аралығында бастауыш сыныптар апталығы өтті.

Апталықтың  тақырыбы «Білім еліне саяхат» деп аталды. Оған барлық бастауыш сыныптар қатысты.Апталықтың  ашылуы салтанатты  саптүзумен басталды,онда оқушылар өлеңдер оқып,ән шырқады. Мұғалімдер сыныптан тыс іс- шараларын саяхат сабақ,ертегі

сабақ, викторинаклық-ойын түрінде өткізді.   

3 «б» сынып мұғалімі Ш.О. ертегілер күніне викториналық-ойын «Что за прелесть эти сказки!» тақырыбында балаларға

арнап түрлі ертегілер көрсетіп , викториналық сұрақтар дайындады. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін белсенді түрде анықтап, сабақта түрлі тапсырмаларды орындады.С.К. Аембаева «Морской бой» атты тақырыпыта математика пәнінен КВН өткізді. Бұл іс-шараға 2-4 сынып оқушылары қатысты. Сынып екі топқа бөлініп, математикалық аралға  саяхат жасап,түрлі қызықты әрі логикалық тапсырмалар орындады.Балалар тапсырмаларды жарыса орындады және шапшаң орындады.Сайыс қызықты өтті.А.С. Муратова оқушылар мен

«Справочная служба» атты ойын өткізді. 1 сыныптың сынып жетекшісі А.Н Рудт  оқушыларымен «Вежливость- это сила, слабость

необходимость» атты сынып сағатын өткізді.Д.М. Хасенова  «Ертегілер еліне саяхат» атты  интеллектуалдық ойынын өткізді. Оқушылар екі

топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. Іс-шара тақырыбына сай презентация көрсетіліп, балалар тапсырманы слайдтан қарап таңдап отырды. Әділ-қазылар алқасы бағалағаннан кейін топтардың жинаған балдары бойынша жеңімпаз топ анықталды. Ойын соңында екі топ та мадақтамалармен марапатталды. Апталықтың жабылу салтанаты  түрде өткізілді.

Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.Н. Рудт жүргізді. Ол апталық кезінде өткізілген барлық іс- шараға қатысқан оқушыларды марапаттады және апталықты қорытындылады.

 

                                                                                 

             Заречное негізгі мектебі

 Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                                Д.М.Хасенова

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст