ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТАЛАПТАРЫ
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы
берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады. Топтардың аттары
«Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.
Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары
· Біз кішкентай «Жұлдызбыз», өнегелі ұл-қызбыз
· «Балдырғанбыз»- балдаймыз, бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді, болашаққа жалғаймыз
· «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз, жақсылық, жақсы үнге
ұранбыз. т.б.с.
Ұрандық сөйлесімдер:
Жолға бастап түс.
Татулығы балдай!
Шарықтатып, талмай…
-Ән айтамыз қалмай!
Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:
Іс-шаралардың тақырыптық үлгілері
Жазғы демалыс лагерінде демалуға келген балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өткізуге мүмкін іс-шаралар тақырыптары:
Лагерь жұмысын жоспарлауға ескерілетін даталы күндер
1маусым-Халықаралық балаларды қоғау күні.
5 маусым-Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
17 маусым-Дүниежүзілік ашаршылық пен құрғақшылыққа күрес күні.
26 масуым- Халықаралық есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сатушылармен
күрес күні.