"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ас адамның арқауы!

14.03.2019

Ас - адамның арқауы

 

Сабақтың мақсаты:

Тамақтың қадір-қасиетін біле отырып, қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарын білу.

Ұлттық тамақ түрлерінің атауларын біліп, олардың денсаулыққа пайдалылығын ұғыну.

Өз ұлтына деген сүйіспеншілікке, іскерлікке, талғампаздыққа баулу.

Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздармен оқушылар! Сіздерді бүгін болатын 3-сынып оқушыларының «Ас – адамның арқауы» атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер!

Мұғалімнің сөзі:   «Ас-адамның арқауы» деп, бекер айтпаған. Ас ішпеген адам әлсіреп ештеңе істей алмайды, тіпті аштан өлуі мүмкін.

Тамақтың құрамында адам ағзасына күш, әл беретін дәрумендер бар. Ас ішкен адамның әл-ауқаты толығып, ден саулығы нығайып, түрлі қозғалыс, еңбектер, іс-әрекеттер жасай алады. Сол үшін адамдар үш мезгіл тамақтанады.

         Тамақтың түрін жасайды.

1-оқушы:

 Бір кезде болып нанға зар

            Қадірін білген адамдар

 Әулие тұтып, нанды ұстап

  «Нан ұрсын» деп қарғанар.

2-оқушы:

   Нандай жоқ қой асыл дәм

   Жеп үйренген жасыңнан

                                       Дастарханнан нан кетсе,

                                         Береке кетер асыңнан.

 

І. Біз қазір ұлттық тағамдар туралы біліп, үйренуімізүшін түрлі жарыс-ойындар ойналық.

1. Үш топ болып жарысу:

1-топ: Еттен жасалатын тамақ түрлерін айту. (қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, шұжық, бұжы)

2-топ: Ұннан жасалатын тамақ түрлерін айту. (бауырсақ, шелпек, тоқаш, нан, собалақ)

3-топ: Сүттен жасалатын тамақ түрлерін айту: (балқаймақ, ірімшік, тосап, қаймақ, сүзбе, торта, сарсу, құрт, айран, қымыз, шұбат)

3-оқушы:

                                     Ей, балалар, балалар,

 Болмаңдар сірә, нанға тар.

 Өмірдің алтын арқауы,

          Бар қасиет нанда бар.

ІІ. «Балық аулау».

1.    Қандай тыйым сөздер тамақ туралы айтылған?

(нанды баспа, ақты төкпе, суға түкірме, көкті таптама)

2.    Тамақ туралы қандай тақпақ өлеңдер білесіңдер?

3.    Жұмбақты шешіңіз?

Жемесең түсіңе кіреді,

        Жесең тісіңе кіреді.

                                      (Ет)

4.    Нан қалай пайда болды?

5.    Тамақтың қандай түрін ұңатасын?

6.    Адам ауыырмас үшін қандай тамақ жеу керек?

7.    Күніне неше рет тамақтанасын?

8.    Сенімен мынадай оқиға болды дейік.Мектептен келе жатқанда жерде бір нанның үзімін көрдің, сен осы орайда не істер едің?

ІІІ. «Дақылдар әні».

4-оқушы:

Бидай:

Нан анасы-бидаймын,

   Елге астық сыйлаймын.

 Дәнім толып піскенде,

   Қауызыма сыймаймын.

5-оқушы:

Арпа:

   Күміс мұртты арпамын,

 Ырыс-құтты арпамын,

                                         Еңбек етіп, баптаған,

      Еліме сый тартамын.

6-оқушы:

Тары:

      Ақ, қарамын, сарымын,

      Мен өнімді тарымын.

      Халқым еңбек сіңірсе,

  Қайтарамын қарымын.

7-оқушы:

Сұлы:                             

                                          Мен сұлымын,ұланның

                                          Тұлпарына ұнадым

                                           Баптаған әр диқанға

                                           Басымды иіп тұрамын.

8-оқушы:

Күріш:   

                                           Күнді сүйген күрішпін

                                           Күллі жұртқа ырыспын

                                           Алсын деп ел мол өнім

  Ала жаздай су іштім.

 

IV. Ұлттық тамақ түрлерінің ешуақытта қалмайтынын,олардың жасалу жолдарын бәріміз де білуге, жасап үйренуге тиіс екенімізді ұмытпайық. Ұлттық тағамдарымызды жасай білейік!

Ал енді,  «Ас - адамның арқауы» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!

 

 

 

                                                         

 

Просмотров: 1367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст