Ұстаздарға мың алғыс!
Ұстаз ұлы есім.
М.Әуезов.
Ұстаз ұлағатты ұғым.Әр адамның жүрегінен орын алған,жылулық нұр шашатын аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. «Ұстаз» қашанда қадірлі,ардақты әрі қасиетті ұғым болған.Ол шәкірт бойына білім нәрін сусындатып қана қоймай,сонымен қатар тәрбие де береді.Шәкірттерінің сан қилы өмірдің қыр- сырын білуге мұрындық болады. Өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып,ұшырады.Осы үшін тер төгіп,бар білімін шәкірт бойына сіңіртуге ұмтылады.Қазіргі таңда оқу- тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім мен қажетті құжатқа ғана байланысты емес.Барлық адам мұғалім бола алады,дегенмен ұстаз болу барлығының маңдайына жазыла бермейді.Себебі ұстаздық өнер тағылымы терең өнер.
Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын,ізгілікті ізденіс әрі ерен еңбек керек.Сабағына жете дайындалып,балаларға тиісті білім беріп қана қоймай,оларды өмірге икемдеп,адалдыққа баулып,бойына бар жақсыны дарытып,жанына терең үңіле де білуге тиіс. «Ұстаз болу өз уақ