Сайыстың тақырыбы :«Ғажайып биология » интеллектуалдық-танымдық сайысы.
Мақсаты:
1. Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.
2. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін, шығармашылық қабілетін, дүниетанымдығын дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта/ слайд-презентация/, стикер,плакат.
Сабақтың жоспары:
II. Сайыс кезеңдері:
І кезең – «Таныстыру»
ІІ кезең – «Ғажайып сұрақтар»
ІІІ кезең –«Полиглот - тіл өнері»
ІҮ кезең – Ғажайып биология»
Ү кезең – Бұл қандай ғылым?
III. Қорытындылау.
Сайыстың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жаратылыстану апталығында өткелі отырған «Ғажайып биология» атты 6-7- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін интеллектуалдық - танымдық сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі жастар-еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, таным қызығушылықтарын дамытатын, шығармашылыққа шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын интеллектуалды ойынды бастаймыз
Сайысқа қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болып, ортаға шақырайық.
Ойынға 2-топ қатысады.Ұпайды көп жинаған топ «Ғажайып биология» сайысының жеңімпазы болады.
Білімділік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
І кезең – «Таныстыру»
ІІ кезең – «Ғажайып сұрақтар»
ІІІ кезең –«Полиглот - тіл өнері»
ІҮ кезең – Ғажайып биология»
Ү кезең – Бұл қандай ғылым?
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін тартысты
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.
1 - кезең «Ғажайып сұрақтар» кезеңінде әр топқа 7 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
2- кезең «Полиглот - тіл өнері» кезеңінде әр топқа 3 жұмбақ оқылады. Сайыскерлер оқылған жұмбақтың жауабын 3 тілде қазақша-орысша-ағылшын тілінде айтуы керек
Дұрыс толық жауап үшін 15 ұпай беріледі,2 тілде жауап берсе 10 ұпай, бір тілде жауап берсе 5 ұпай
1)Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады
Тоқылдақ – Дятел – Woodpecker
2)Мойны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы
Аққу – Лебед – Swans
3)Бұйра тұлымы желмен ойнайды
Қызыл мұрыны жерге бойлайды
Сәбіз – Морковь – Carrot
3- кезең«Ғажайып биология»
Бұл кезең бойынша ұпай саны (20, 20, 20,30,30,30,40,40,40) таңдау арқылы есептеледі. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай
саны беріледі.
1. Пияз туысты,көпжылдық өсімдік.Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан – “тілшелерден”тұрады
2. Бұрынғы заманнан бері ата – бабаларымыз көптеген ауруларға өсімдіктерден дәрілер жасап қолданып келген. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесің?
3. Мына суретте гүлдерге қатысты не бейнеленген?
4. Төмендегі суреттерге сипатама беріңіздер ?
5. Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер?
6. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар ?
7. Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды?көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым?
4- кезең«Бұл қай ғылым?»
Оқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді
жазып шығады.
Зерделілер тобы
1.Ботаника
2.Бриология
3.Цитология.
4.Микология
5.Микробиология
Білімділер тобы
1.Гельминталогия
2.орнитология
3.Маммология.
4.Ихтиология
5.Арахнология
Қорытынды: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.
Сонымен бүгінгі «Ғажайып биология » сайысы өз мәресіне жетті. Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!